ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
“Жастар – қуатты әрі ұлы Түркия мақсатының тірегі”
Түркия президенті жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран: «Жастарымыздың жігері, еңбекқорлығы және еліне деген адалдығы – қуатты әрі ұлы Түркия мақсатының ең маңызды тіректерінің бірі», – деді.
“Жастар – қуатты әрі ұлы Түркия мақсатының тірегі”
Түркия президенті жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран

Дуран 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күніне орай “Nsosyal” парақшасында құттықтау жариялады.

Ол 19 мамырдың бір халықтың тәуелсіздік жолындағы табандылығының, сенімінің және қайта өрлеуінің символы екенін атап өтіп,

«Самсунда жағылған тәуелсіздік алауы халқымыздың ортақ ерік-жігерімен қысқа уақыт ішінде тәуелсіздік күресінің ең қуатты символына айналды. Жастарымыздың жігері, еңбекқорлығы және еліне деген адалдығы – қуатты әрі ұлы Түркия мақсатының ең маңызды тіректерінің бірі. Олардың ғылымда, технологияда, спортта және өмірдің барлық саласында қол жеткізген табыстары ертеңге деген үмітімізді одан әрі арттыра түседі. Гази Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған Ұлттық күресіміздің барлық қаһармандарын рақыммен әрі құрметпен еске алып, 19 мамыр – Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнімен құттықтаймын».

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі 19 мамыр мерекесімен құттықтады