АҚШ-та федералды судья президент Дональд Трамптың саясаты дәріптелген және мемлекеттік ресурстармен қаржыландырылған жарнамалардың «заңсыз» болуы мүмкін деген негізбен эфирден алынуына үкім шығарды.
«Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, Нью-Йорк округтік судьясы Дженнифер Рошон 3 қарашадағы Конгресс аралық сайлауы қарсаңында президент Трамптың сайлауалды науқанына қатысты маңызды қадам басты.
Рошон үкімет ресурстарымен қаржыландырылған және Трамптың саясатын алдыңғы қатарға шығарған жарнамалардың «заңсыз» болуы ықтималдығын алға тартып, оларды эфирден алып тастау туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар судья Рошон үкіметтің аталған жарнамаларды жариялау немесе тарату үшін бөлінген барлық бронды және өзге де уағдаластықтарды күшін жоюы қажет екенін білдірді.
АҚШ президенті Трамп пен оның әкімшілігінің саясатын насихаттайтын жарнамалардың қыркүйек айында жариялана бастағаны және федералдық ресурстан қаржыландырылғаны айтылуда.


















