САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Рубио: «Иранның әскери әлеуеті әлсіреді»
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Грекия астанасы Афинаға ресми сапары барысында Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Йерапетритиспен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуден кейін тараптар бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.
Рубио: «Иранның әскери әлеуеті әлсіреді»
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио

Иран мәселесіне тоқталған Рубио: «Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмайды. Дональд Трамп бұған жол бермейді. Бұл – біз үшін өте маңызды», – деді.

Оның айтуынша, Тегеран бұған дейін осы мәселе бойынша келісімге келуге берілген бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмаған. Рубионың айтуынша, Иран өзін сыртқы шабуылдан барынша қорғай алатындай қуатты қарулы күш қалыптастыруға тырысқан.

Оның пікірінше, Тегеран зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының мүмкіндігін күшейту арқылы ядролық бағдарламасына қарсы ықтимал әскери әрекеттерді тежеуді көздеген.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру бағдарламасы мен зымыран әлеуетінің жойылғанын, ал қолданыстағы жүйелері әлсірегенін алға тартты. Ол қазіргі таңда Иранның әскери қуаты бұрынғы кезеңмен салыстырғанда едәуір азайғанын айтты.

Рубио Иранның қатаң санкцияларға ұшырап отырғанын айтып, «Ел экономикасы құлдырау үстінде», - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар ол Ормуз бұғазының ашық екенін, бұғаз арқылы тасымалданатын мұнай көлемі қақтығысқа дейінгі деңгейге жақындағанын атап өтті. Рубионың айтуынша, Иран Ормуз бұғазын бақылау мүмкіндігін толығымен жоғалтқан.

Сондай-ақ Рубио Иран билігі елдің ресурстарын халықтың жағдайын жақсартуға емес, қарулы топтарды қолдауға жұмсап отыр деп мәлімдеді.

 

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"