НАТО мәлімдемесінде 13 қазанда басталатын жаттығудың биыл Италияның қабылдауымен, 17 елдің қатысуымен өтетіні хабарланды.
Мәлімдемеде жаттығудың НАТО-ның дайындық деңгейін сақтау, тежеу және қорғаныс әлеуетіне үлес қосатын процедураларды сынақтан өткізу күш-жігерінің бір бөлігі болып табылатын, ұзақ уақыт бойы жоспарланған және жүйелі оқу-жаттығу қызметі екені баса айтылды.
Нақты қару-жарақтың қолданылмайтыны және жаттығудың ешбір елге бағытталмағаны атап өтілген мәлімдемеде Бас хатшы Марк Рюттенің мына сөздері берілді: «НАТО — қорғаныс мақсатындағы одақ. Бұл жаттығу бейбітшілікті сақтау, қысымның алдын алу және агрессияны тежеу жолында сенімді, қауіпсіз, тиімді әрі пәрменді әлеуетті қамтамасыз етуімізге көмектеседі. Жаттығу сонымен бірге бірлік пентабандылық туралы анық месседж береді».


















