САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Джо Уилсон Мекке ортақ қорғаныс келісімінің Таяу Шығыстың НАТО-сына  айналу әлеуеті бар екенін атап өтті.
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»

Республикашыл партия өкілі Уилсон «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасында жасалған одақ туралы пікір білдірді.

Америкалық саясаткер: «Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін», — деді. Сондай-ақ ол: «Иран қолдайтын хоуситтердің шабуылдарына қарсы одақ құрғандары үшін одақтастарымыз Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясына ризашылығымды білдіремін», — деді.

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан сыртқы істер министрліктері Мекке қорғаныс одағының Стратегиялық саяси және қорғаныс комитетінің кезектен тыс отырысына қатысты бірлескен мәлімдеме жариялаған болатын. Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өткен кездесуден кейін жарияланған бірлескен мәлімдемеде комитеттің ұжымдық қорғаныс жөніндегі міндеттемелерді жедел іске асыру туралы шешім қабылдағаны айтылды.

Осыған сәйкес, тараптардың ұлттық заңнамалары ескеріле отырып, келісілген әскери күштер мен құралдарды Сауд Арабиясына орналастыру, оларды жедел түрде жұмылдыру, сондай-ақ қауіп-қатерлерге қарсы дайындықты және ортақ қорғаныс мүмкіндігін арттыру шаралары қолға алынатыны айтылды.

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам