САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
Үш одақтас ел аймақтағы дағдарыстарды диалог және бейбіт жолмен шешудің маңызын атап өтіп, ортақ тежеу тетігі мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге келісті.
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Мекке келісімі қорғаныс комитетінің отырысына қатысты

Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан өкілдері Мекке ортақ қорғаныс келісімі аясында құрылған Стратегиялық саяси және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысына қатысу үшін Эр-Риядта бас қосты.

Жиында одақтастар ортақ қорғаныс тетіктерін нығайтуға бағытталған шараларды қолға алды.

Түркиядан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Бас штаб бастығы Селчук Байрактароглу қатысты. Кездесу хоуситтердің Сауд Арабиясына шабуылдары қайта күшейіп, өңірдегі қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық артқан тұста өтті.

Фидан үш елдің Сауд Арабиясының қорғанысын қолдауға бағытталған қадамдарды талқылағанын, сонымен қатар аймақтағы мәселелерді диалог арқылы бейбіт жолмен шешу мүмкіндіктерін қарастырғанын айтты.

Аталған одақты Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан тамыз айында құрған. Кейін үш ел тұрақты құрылымдар құруға, сондай-ақ ортақ тежеу және қорғаныс мүмкіндіктерін күшейтуге уағдаласқан.

Тараптар Мекке мен Мәдина қалаларын нысанаға алу әрекеттерін айыптап, Сауд Арабиясы мен қасиетті орындарға бағытталған шабуылдарға қарсы тұруға дайын екендерін мәлімдеді.

Тежеу тетігімен қатар диалогқа да басымдық берілді

Эр-Риядтағы кездесуде одақтың аймақтық дағдарыстарға қатысты ұстанымының бір бөлігі ретінде дипломатияға да ерекше мән берілді.

Үш ел аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған дипломатиялық қадамдарды ұжымдық қорғаныс шараларымен ұштастыра отырып, Мекке келісімін тұрақты әрі жүйелі қауіпсіздік тетігіне айналдыруды көздеп отыр.

 

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"