«The New York Times» (NYT) газеті аты-жөнін жарияламаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің үш ұшақ тасығыш кемесі Таяу Шығысқа жақын арада жететінін хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Трамптың тапсырмасы бойынша АҚШ әскері Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымыран қорына, энергетикалық нысандарына және басқа да әскери нысандарына соққы беру жоспарларын әзірлеп жатыр.
Шамамен үш күнге созылуы мүмкін шабуылдар кезінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының басқару орталықтары мен штаб-пәтерлері де нысанаға алынуы ықтимал екені айтылды.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп 3 қарашада өтетін аралық сайлауға дейін Иранға ешқандай шабуыл жасалмайтынын мәлімдеген болатын.



















