САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Украина келіссөз делегациясы ертең Виткофф және Кушнермен кездеседі
Зеленский Ресей-Украина соғысының күн тәртібіне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Украина келіссөз делегациясы ертең Виткофф және Кушнермен кездеседі
Владимир Зеленский

Соғысты аяқтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталған Украина президенті Владимир Зеленский украиналық келіссөз жүргізушілердің ертең АҚШ-та болатынын еске салды.

Зеленский Украина Президенті аппаратының басшысы Кирило Буданов, Президент аппараты басшысының орынбасары Сергий Кислиция, Сыртқы барлау қызметінің басшысы Рүстем Умеров пен депутат Давид Арахамияның өз еліне өкілдік ететінін білдірді.

Зеленский еуропалық шенеуніктердің де келіссөзге қатысуын күтетіндерін атап өтті. АҚШ-тағы келіссөздердің екі күнге созылуы мүмкін екенін айтқан Зеленский: «Соңғы күндері американдық тараппен үш рет сөйлестім», — деді.

Зеленский Украина ретінде теңіз және энергетика инфрақұрылымына бағытталған оқ атуды тоқтату ұсынысы үстінен жұмыс істеп жатқандарын тілге тиек етті.

Ресей армиясының соңғы күндері өз еліне ұйымдастырған шабуылдарында бастысы балалар болып, өте көптеген бейбіт тұрғынның қаза тапқанына назар аударған Зеленский Украинаның Ресейдегі балаларды ешқашан нысанаға алмағанын және мұны болашақта да әсте жасамайтынын мәлімдеді.

Зеленский: «Бірақ ересектер жақын арада жаңа жауап алады. Егжей-тегжейін жариялай алмаймын», — деді.

Ресейдегі «Яндекс» технологиялық компаниясының Рязань облысында орналасқан деректер орталығына жасалған шабуылға да тоқталған Зеленский былай деп атап өтті: «Біз әрқашан тура солай жауап қайтарамыз. Деректер орталықтарына келер болсақ, бәріңіз де білесіздер, олар біздің деректер орталықтарымызға шабуыл жасады және шабуылдауды жалғастыруда. Біз де жауап қайтардық».

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады