САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Мысыр президенті Сиси Оңтүстік Кореяға барды
Сеул Каирмен байланыстарды тереңдетуді көздеп отыр, көшбасшылар сауда, инвестиция, инфрақұрылым және жеткізу тізбектерін талқылайды.
Мысыр президенті Сиси Оңтүстік Кореяға барды
Мысыр президенті Сиси Оңтүстік Кореяға барды / Anadolu Agency

Мысыр президенті Абдель Фаттах әл-Сиси президент Ли Чжэ Мёнмен келіссөз жүргізетін үш күндік мемлекеттік сапары аясында Оңтүстік Кореяға барды.

Мысыр Президенті әкімшілігінің хабарлауынша, Сиси өзінің Малайзия мен Индонезия да қамтылған Азия турының басында Сеул әуе базасына қонды.

«Yonhap» жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея Президентінің аппараты мысырлық көшбасшыны бұл сапарға Ли мырзаның өзі шақырғанын және екі көшбасшының бейсенбі күні кездесуі жоспарланғанын хабарлады.

Келіссөздер сауда, инвестиция, инфрақұрылым және жеткізу тізбектерін қосқандағы экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынасты арттыру мәселелеріне бағытталады.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Кан Ю Чжон аймақтық саяси оқиғалар мен басқа да халықаралық мәселелердің де күн тәртібінде болатынын білдірді.

Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту

Сеул аталған сапардың Мысырмен қарым-қатынасты стратегикалық серіктестік деңгейіне көтеруге және Африка мен Таяу Шығыстағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне үміт артатынын айтты.

Бұл — Сисидің 2016 жылдан бергі Оңтүстік Кореяға жасаған алғашқы сапары. Екі көшбасшы соңғы рет Ли мырзаның Мысырға сапары кезінде 2025 жылдың қарашасында Каирде кездескен болатын.

Екі ел сауда, инвестиция және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастықты кеңейте отырып, сонымен бірге тығыз мәдени және білім беру байланыстарын орнатуды мақсат етеді.

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады