Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан әлеуметтік желідегі парақшасында Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты жазба жариялады.
Министр Фидан: «Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған құрылтай дәстүріне сай өткізген кеңесулеріміз өзара ынтымақтастығымызды нығайтып, ортақ мақсаттарымызға қол жеткізуге ықпал ететініне сенеміз», – деді.
Хакан Фидан атқарылған жұмыстарға қолдау көрсеткен әріптестеріне алғыс білдіріп, «Тамыры терең бауырластық байланыстарымызға сүйене отырып, барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолында жұмыс істеуді жалғастырамыз. Президентіміздің төрағалығымен өтетін саммит түркі әлеміне игілік әкелсін деп тілеймін», – деді.




























