ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Ердоған: «Түркия Сирияға қолдау көрсетуді жалғастырады».
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Президент Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің өрескел арандатушылықтарына қарамастан, Сирияда бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылық қайта орнай бастағанын мәлімдеді.

Президент бұл туралы Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісіндегі фракция отырысында айтты.

Ердоған Түркияның Сирияға қажетті қолдауды алдағы уақытта да көрсететінін, Сирия халқының әл-ауқаты мен тыныштығы үшін өзіне жүктелген жауапкершілікті орындауға күш салатынын атап өтті.

«Балаларды өлтіруден ләззат алатын жауыздар қашып, жасырынса да табылып, бір-бірлеп құрықталып жатыр. Қолына қару алып, түрлі шүберектерді желбіретіп Түркияға қоқан-лоқы көрсеткендер, Банияста 248 жазықсыз адамды, Рейханлыда 53 азаматымызды өлтіргендер, сириялық балалардың мәйіттері арқылы өздерін батыр етіп көрсеткен оңбағандар үшін жауап беретін уақыт келді», – деді Ердоған.

Президент өткен апта Банияс, Рейханлы және Сириядағы қырғындарға жауапты террористің ұсталуына тоқталды.

«Аталған террористің қолға түсуіне атсалысқан Сирия барлау қызметі мен Түркия Ұлттық барлау ұйымының қаһармандарын құттықтаймын», – деді Ердоған.