Карни «X» 2леуметтік желісіндегі парақшасында Анкараға қонған сәті түсірілген бейнежазбаны жариялап, «Анкараға жеттім» деген хабарлама қалдырды.
Бұл сапарының Канада премьер-министрінің Түркияға жасаған алғашқы екіжақты сапары екенін айтқан Карни: «Серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеру үшін осындамыз», — деген сөзді тілге тиек етті.
Карни 85 миллионнан астам халық саны бар Түркия нарығына қолжетімділікті арттырғысы келетінін және екі елдің қызметкерлері мен кәсіпорындары үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейтінін баса айтты.
ҰСЫНЫЛҒАН
Канада премьер-министрі Карни президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті және кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
Артынан Карни Стамбулға барады.






















