ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республиканың құрылғанына 103 жыл толуына орай жасаған үндеуінде: «Аллаға шүкір, бүгінгі Түркия кешегіден әлдеқайда мықты. Алдағы уақытта Алла қаласа, еліміз бұдан да күшейіп, халықаралық аренадағы ықпалын арттыра түседі», – деді.
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай бейнеүндеу жариялады.

«Бүгін біз Республикамыздың құрылғанына 103 жыл толуын зор мақтанышпен және ерекше қуанышпен атап өтіп жатырмыз. Ардақты халқымызды, Кипрдегі түрік бауырларымызды және әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын барлық азаматымызды 29 қазан Республика күнімен құттықтаймын. Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерімізде мерекелік қуанышымызға ортақтасқан қадірлі қонақтарымызға шынайы алғысымды білдіремін. Сондай-ақ бізбен тағдыры, рухани және мәдени құндылықтары ортақ, қуанышымызды бірге бөлісіп, қайғымызға ортақтасатын, жүрегі халқымызбен бірге соғатын барлық дос әрі бауырлас халықтарға ыстық ықыласымды жолдаймын. Республикамыз – даңқты жеңістер мен күреске толы түрік халқының тәуелсіздікке деген ерік-жігерінің, азат өмір сүруге деген берік ұстанымының және өз болашағын өзі айқындауға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен үлкен жанқиярлықпен жүргізілген ұлт-азаттық күрес бірлік пен ынтымаққа ұйысқан халықтың ең ауыр жағдайда да жетістіктерге қол жеткізе алатынын бүкіл әлемге паш етті. Осындай қиын-қыстау кезеңде қол жеткізілген ұлы жеңіс бір халықтың тағдырын өзгертіп қана қойған жоқ, ұлттық ерік-жігердің құдіреті мен тәуелсіз өмір сүру құқығының мызғымас құндылық екенін дәлелдеп, тарихта мәңгілік із қалдырды. Осыдан тура 103 жыл бұрын халқымыз танытқан табандылық, батылдық пен қайсарлық бүгін де бізге күш беретін басты қайнар көз болып қала береді. Соңғы 24 жылда қорғаныс өнеркәсібінен энергетикаға, көлік саласынан дипломатияға дейінгі көптеген бағытта қол жеткізген жетістіктерімізді қуатты әрі өркендеген Түркияны қалыптастыру жолындағы маңызды белестер деп санаймыз. Өз технологияларын дамытып, қорғаныс саласындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттырып, энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, көлік инфрақұрылымын заман талабына сай жаңғыртып, өндірістік қуатын ұдайы ұлғайтып келе жатқан еліміз жарқын болашаққа нық қадам басып келеді», - деді президент.

Іздеу
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Емине Ердоған Имам Бұхари кесенесіне барды
Францияда қарулы шабуылдан бір адам қаза тапты
Кремль: «Украинамен келіссөздер қарашада Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланып отыр»
Иранда су тасқынынан екі адам қаза тапты
Ильхам Әлиев Үндістан Сыртқы істер министрін қабылдады
Түркия президенті халықаралық саясаттағы сенім дағдарысына назар аударды
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға 960 мың мина орнатқан деген ақпарат тарады
Израиль күштері екі палестиналықты өлтірді
Францияда наразылық шерулеріне шектеу қойылады
Албанияда студенттердің наразылық шерулері жалғасып жатыр
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Болгарияда 25 қазанда президент пен вице-президент сайлауы өтеді