Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы таратқан мәлімдемеге сәйкес, екі ел басшысы Түркия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған.
Президент Ердоған келесі жылы 100 жыл толатын Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және барлық саладағы ынтымақтастықты жандандыру бағытында жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Ердоған Мекке бірлескен қорғаныс одағы аясында Ормуз бұғазы мен Йемендегі жағдайды жіті бақылап отырғандарын және мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге күш салып жатқанын мәлімдеді.
Трамп Түркияны 29 қазан Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Түркияның Украина мен Ресей арасындағы дипломатиялық келіссөздерді қайта жандандыруға және соғысты бейбіт жолмен аяқтауға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екенін айтты.
Телефон әңгімесінде АҚШ президенті Дональд Трамп Режеп Тайып Ердоған мен Түркия халқын 29 қазан Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінің нәтижелі өтуіне тілектестік білдірді.



























