ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
“Baykar” компаниясының мәліметінше, жерсерік шамамен 63 минуттан кейін зымыран тасығыштан сәтті бөлініп, 590 шақырым биіктіктегі жоспарланған орбитаға орналасты.
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
"Fergani"-дің алтыншы жерсерігі "FRG-100D4" 2026 жылы 21 қазанда орбитаға сәтті шығарылды. / Anadolu Agency

“Baykar” компаниясының мәліметінше, “SpaceX” компаниясының “Bandwagon-5” миссиясы аясында ғарышқа ұшырылған жерсерік шамамен 63 минуттан кейін, Түркия уақытымен сағат 15:07-де зымыран тасығыштан сәтті бөлініп, 590 шақырым биіктіктегі жоспарланған орбитаға орналасты.

“Baykar” компаниясының басқарма төрағасы әрі технологиялық жетекшісі Селчук Байрактар негізін қалаған “Fergani” ғарыш технологиялары компаниясы өз қызметін отандық инженерлік әлеуетке сүйене отырып жүзеге асырады.

Компанияның хабарлауынша, “FRG-100D4” жерсерігі алдыңғы үлгілерімен салыстырғанда бірқатар технологиялық жаңартумен ерекшеленеді.

Жерсерік “Fergani” компаниясының отандық инженерлері әзірлеген маңызды құрылғылар мен жүйелермен жабдықталған. Олардың қатарында реакциялық дөңгелек, магнитометр, инерциялық өлшеу блогы, жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің қабылдағышы, бағытын өзгерте алатын күн панельдері, аккумуляторлар блогы, регенеративті модем және фазаланған антенналық тор бар.

Сонымен қатар жерсерікте алдағы күрделі миссияларды орындауға арналған жасанды интеллект технологиясына негізделген компьютер орнатылған.