ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Үш баптан тұратын заң жобасы алдымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комиссиясында қаралады. Комиссия мақұлдаған жағдайда құжат Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне енгізіледі.
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсынылады / Reuters Archive

Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс туралы келісімді бекітуді көздейтін заң жобасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынылды.

Парламент төрағасы Нуман Куртулмуштың бекітуімен сәрсенбі күні ұсынылған үш баптан тұратын заң жобасы 2026 жылдың 7 тамызында үш ел арасында қол қойылған «Бірлескен қорғаныс туралы Мекке келісімін» бекітуге бағытталған.

Заң жобасының түсіндірме жазбасында бұл келісім аймақ елдері арасындағы стратегиялық диалогты нығайтуға, Таяу Шығыста және одан тыс өңірлерде ынтымақтастық пен ұжымдық тежеу қағидаттарына негізделген қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға бағытталғаны айтылған.

Келісімге сәйкес, үш мемлекет бір-бірінің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау жолында ынтымақтасуға міндеттеме алады. Сонымен қатар тараптар БҰҰ Жарғысында бекітілген өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланған жағдайда, әр елдің конституциялық міндеттемелері мен ұлттық заңнамасына сәйкес бір-біріне қолдау көрсетуге келіскен. Құжаттың түсіндірме жазбасында ұжымдық қорғаныс туралы ереженің автоматты түрде күшіне енбейтіні атап өтілген. Кез келген әскери операция тараптардың өзара консультациялары нәтижесінде қол жеткізілген ортақ келісімге байланысты жүзеге асырылады.

Сондай-ақ бұл келісім Түркияның қолданыстағы халықаралық міндеттемелерін жоймайтыны және олардың орнын баспайтыны көрсетілген. Келісімнің мақсаттары НАТО-ның Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік саласындағы мақсаттарымен үйлесетіні айтылған.

Заң жобасы алдымен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комиссиясында қаралады. Комиссия мақұлдаған жағдайда құжат Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне енгізіледі.