ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде сауда, инвестиция, көлік, өзара байланыстарды нығайту, энергетика және цифрлық трансформация мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Президент Режеп Тайып Ердоған

29–30 қазанда Түркия астанасы Анкарада өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымының XIII саммитінде ауыл шаруашылығы, ғарыш, сауда және көлік салаларын қамтитын ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылады.

2026 жылы «Түркі әлемінің туризм астанасы» атанған Анкара шілде айында өткен НАТО саммитінен кейін тағы бір халықаралық іс-шараны қабылдауға дайындалып жатыр. Осы орайда түркі мемлекеттерінің басшылары бас қосатын Түркі Мемлекеттері Ұйымының XIII саммиті 29–30 қазанда Анкарада өтеді.

Ұйымның іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, 29 қазанда Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді.

Ал 30 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен «Түркі ғасыры: тілде, пікірде, істе бірлік» тақырыбында саммит ұйымдастырылады.

Жиында ұйым аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму бағыттары, сондай-ақ тараптарды қызықтыратын өңірлік және халықаралық мәселелер талқыланады.

Түркі әлемінің 2040 жылға дейінгі даму тұжырымдамасындағы экономикалық мәселелер де талқыланады

Саммит барысында мемлекет басшылары Түркі Мемлекеттері Ұйымының басым бағыттары саналатын саяси ынтымақтастық, сауда және инвестиция, көлік және өзара байланыстарды нығайту, энергетика, цифрлық трансформация, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларында қол жеткізілген нәтижелерді бағаламақ.

Сонымен қатар саммитте Түркия Түркі Мемлекеттері Ұйымына төрағалық ету міндетін Әзербайжаннан қабылдап алады. Мемлекет басшылары ынтымақтастықты тереңдетуге және ұйымның институционалдық құрылымын одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар шешімдер мен құжаттарды, сондай-ақ Анкара декларациясын қабылдайды деп жоспарланып отыр.

Түркі Мемлекеттері Ұйымына Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан мүше. Ал Түрікменстан, Мажарстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы бақылаушы мемлекеттер мәртебесіне ие. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы да Түркі Мемлекеттері Ұйымында бақылаушы ұйым ретінде қатысады.

Іздеу
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Әлем күрес чемпионаты ертең Қазақстанда басталады
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады