Антониу Кошта Ирландия астанасы Дублинде өткен Еуропалық саяси қоғамдастықтың 9-саммитінен кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында саммиттің басты тақырыбы Украинада әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнату жолдарын іздеу болғанын айтты.
Кошта Еуропаның келіссөздердегі негізгі басымдықтары атысты тоқтату, Қаратеңізде еркін кеме қатынасын қамтамасыз ету және бейбіт келісімге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау екенін атап өтті. Ол Ресейдің бейбітшілікке дайын екенін көрсететін ешқандай белгі байқалмай отырғанын алға тартты.
Антониу Кошта 2022 жылғы ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей мен Украина арасындағы соғысты аяқтауға бағытталған дипломатиялық күш-жігердің арта түскенін айтып, Еуропада қауіпсіздікті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін бейбітшілік нақты қағидаттарға негізделуі тиіс екенін атап өтті.
Кошта Украинаның өз болашағын еркін таңдауы, құрлық қауіпсіздігінің болашағына қатысты келіссөздерге Еуропаның қатысуы және Еуропаның қауіпсіздік жүйесі 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актінде көрсетілген қағидаттарға негізделуі қажет екенін мәлімдеді.
«Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық. Біз Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырамыз», – деді Кошта.




















