БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Анталия қаласында өтіп жатқан COP31 Климат өзгерісі конференциясының ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.
9 қараша дүйсенбі күні басталып, 20 қарашаға дейін жалғасатын жыл сайынғы климаттық конференцияға қатысты Анадолы агенттігіне (AA) сұхбат берген Гутерриш: «Мен көптеген COP саммитіне қатыстым және Түркияның COP ұйымдастырушылығының жоғары сапасына шын мәнінде таңғалдым», – деді.
Гутерриштің бұл бағасы АҚШ-та орналасқан «ReFED» коммерциялық емес ұйымының басшысы Дана Гандерстің дүйсенбі күні Түркияның тамақ қалдықтарымен күресте елдердің басын қосу күш-жігерін мақтаған мәлімдемелерінен кейін жасалды.
Гандерс Түркияның «Нөлдік қалдық» бастамасына және Бірінші ханым Емине Ердоғанның бұл мәселенің халықаралық аренада көбірек назар аударылуындағы роліне тоқталды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылардың басын қосатын жыл сайынғы Нөлдік қалдық форумына назар аударған Гандерс: «Түркия COP және Нөлдік қалдық қоры арқылы қуатты көшбасшылық танытып отыр», – деді.
Сонымен қатар Гандерс Емине Ердоғанның тамақ қалдықтары мен нан ысырабын халықаралық күн тәртібіндегі жоғары қатарларға көтеруге көмектескенін атап өтіп, «Меңіңше, Бірінші ханымның қолдауының арқасында бұл мәселеге берілген маңыз айтарлықтай артты», – деді.




















