Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының қоғаммен байланыс бөлімі Ормуз бұғазында болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде кеше түнде 4 миллион баррельден астам мұнай тасымалдаған екі алып танкер ескертулерге қарамастан Ормуз бұғазынан «қауіпсіз емес» бағыт арқылы өтуге әрекеттенген кезде апатқа ұшырағаны хабарланды. Апаттан кейін танкерлерде жарылыс болған.
Мәлімдемеде екі танкерде де өрт шыққаны айтылғанымен, апаттың себебі туралы ақпарат берілмеді.
Иран АҚШ 8 шілдеде шабуылдарын қайта бастағаннан кейін 12 шілдеде Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін жапқан болатын.
Тегеран билігі өзі белгілеген бағыттан тыс жүзіп, «рұқсатсыз өтетін» кемелерге соққы жасайтынын ескерткен еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран: «Араағайын елдермен келіссөздер жалғасып жатыр»




















