ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
«Шекара асқан дәрігерлер» ұйымы КДР-де алты айдан бері жалғасып жатқан Эбола індетіне қатысты жаңа есеп жариялады.
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Конго. Эбола (МҰРАҒАТ). / AP (Wire)

«Шекара асқан дәрігерлер» ұйымы Конго Демократиялық Республикасында (КДР) соңғы алты айда жалғасып жатқан Эбола індетінен қаза тапқандар саны 5 мыңнан, ал ауру жұқтырғандар саны 11 мыңнан асқанын хабарлап, шұғыл шара қабылдауға шақырды.

«Шекара асқан дәрігерлер» ұйымы КДР-де алты айдан бері жалғасып жатқан Эбола індетіне қатысты жаңа есеп жариялады.

Есепте КДР тарихында тіркелген екінші ірі Эбола індетінің әлі де бақылауға алынбағаны ескертілді. Сондай- ақ құжатта індетпен күресуге жұмылдырылған ауқымды ресурстар мен науқастарға, жергілікті қызметкерлерге және қауымдастықтарға іс жүзінде көрсетіліп жатқан көмек арасында үлкен айырмашылық бар екені атап өтілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті

Есепте: «Қолда бар ресурстардың көмек аса қажет аймақтарда тиімді әрі үйлестірілген іс-шараларға жұмсалуын қамтамасыз ету үшін шұғыл әрекет ету қажет. Халықаралық қауымдастық жүздеген миллион доллар көлемінде қаржы бөлгеніне қарамастан індетке қарсы күрестің негізгі бағыттарында әлі де елеулі кемшіліктер бар. Бұл жағдай індетті бақылауға алу және адамдардың өмірін сақтап қалу әрекеттеріне кедергі келтіріп отыр», – деп ескертілді.

Есепте ауру жұқтырғандар саны 11 мыңнан, ал қайтыс болғандар саны 5 мыңнан асқаны айтылып, шұғыл шаралар қабылдауға үндеу жасалды.

Есепте: «КДР мен Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемелері қазірдің өзінде жұмылдырылған ресурстардың індетке қарсы тиімді күреске бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін бақылау мен есеп берушілікті күшейту, жергілікті жерлерде жұмыс істейтін қызметкерлерді тиісті деңгейде оқыту, олардың еңбекақысын төлеу, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және қолдау көрсету қажет», – делінген.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді