ЕО Кеңесі 2027 жылға арналған жылдық бюджетке қатысты Еуропалық Парламентпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді.
Мәлімдемеде 2027 жылғы бюджеттегі жалпы міндеттемелер көлемі 199,7 миллиард еуро, ал төлем көлемі 211,5 миллиард еуро құрайтыны айтылды.
Бюджет ЕО-ның Украина мен Таяу Шығыстағы дағдарыстарды қоса алғанда қазіргі сын-қатерлерге төтеп беру мүмкіндігін сақтайтыны атап өтілді. Сондай-ақ күтпеген қажеттіліктер үшін 710,1 миллион еуро көлемінде резерв қарастырылғаны хабарланды.
Мәлімдемеге сәйкес, бюджетте бірлік, тұрақтылық және құндылықтар бағытына 81,8 миллиард еуро, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға 61,3 миллиард еуро, бірыңғай нарық, инновациялар және цифрландыруға 22,8 миллиард еуро, көршілес елдермен және әлеммен байланыстарға 16,7 миллиард еуро, Еуропаның мемлекеттік басқару жүйесіне 13,9 миллиард еуро, көші-қон және шекараларды басқаруға 3,9 миллиард еуро, қауіпсіздік пен қорғанысқа 2,2 миллиард еуро, Украинаны қолдауға арналған несиеге 650 миллион еуро және арнайы қаржы құралдарына 8,3 миллиард еуро бөлінетіні айтылды.
ЕО бюджетінде міндеттемелер бірнеше қаржы жылын қамтитын іс-шараларға қаражат жұмсау жөніндегі міндеттемелерді білдіреді. Ал төлемдер осы және алдыңғы жылдары қабылданған міндеттемелер бойынша жүзеге асырылатын шығысты қамтиды.
Сонымен қатар ЕО бюджетінің кіріс бөлігі негізінен мүше мемлекеттер бөлетін қаражат есебінен қалыптасады.
ЕО бюджетінің жұмсалуын Люксембургте орналасқан Еуропалық аудиторлар соты қадағалайды.





















