САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Иран тарапынан төнген қауіпке байланысты ел астанасы Вашингтондағы үйінен әскери базаға көшкені хабарланды.
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент (МҰРАҒАТ).

“New York Times” газетінің хабарлауынша, АҚШ шенеуніктері соңғы апталарда, Бессентке төнген қауіптер туралы барлау мәліметтеріне сүйене отырып, «Иранның АҚШ-тың қазіргі және бұрынғы шенеуніктеріне қарсы ұйымдастырып жатқан қастандық әрекеттері жаңа кезеңге өтті» деген қорытындыға келген.

Осыған байланысты Бессент біраз уақыттан бері тұрып келген Вашингтондағы үйінен кетіп, әскери базаға қоныстанған.

Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген АҚШ шенеунігі Бессентке төнген қауіптің қаншалықты маңызды екені туралы ақпарат бермеді. Алайда Иранның АҚШ аумағында және шетелдерде шабуыл жасау мүмкіндіктері шектеулі екенін айтты.

АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы “New York Times” газетіне берген мәлімдемесінде Бессенттің «Иран режимінің қоқан-лоққыларынан қаймықпайтынын» және Иран экономикасына қысым көрсету науқанын жүргізуге деген табандылығын сақтап отырғанын атап өтті.

Трамп әкімшілігінің басқа да шенеуніктері қауіпсіздік мақсатында үйлерінен көшкен

Сонымен қатар соңғы уақытта Иран тарапынан төнген қауіп туралы мәлімдемелерге байланысты Дональд Трамп әкімшілігінің басқа да шенеуніктері қауіпсіздік мақсатында үйлерінен көшкен.

Олардың қатарында Трамп әкімшілігі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған Стивен Миллер мен бұрынғы Әділет министрі Пэм Бонди де бар.

Іздеу
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды
Вице-президент  Йылмаз Қытай Мемлекет басшысының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті
Әзербайжанда Мемлекеттік ту күні атап өтілуде
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне күмән келтірді
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Иран: «Араағайын елдермен келіссөздер жалғасып жатыр»
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»
Франция: «Еуропа Абу-Дабидегі Ресей–Украина келіссөздеріне қатысады»