Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған: «2053 жылға қарай «Таза нөлдік шығарындылар» мақсатымызға сәйкес Жасыл даму жолымызды сенімді түрде жалғастырамыз», – деді.
Президент Ердоған COP31 Көшбасшылар саммитінің беташарына қатысты.
Ердоған онда сөйлеген сөзінде «Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр, жер беті — қорғалуы әрі сақталуы тиіс қасиетті аманат», – деп атап өтті.
Президент Ердоған: «Энергетикадан өнеркәсіпке, көліктен ауыл шаруашылығына дейінгі барлық салаларымызды декарбонизация бағытында қайта құрып, экономикамыздың барлық секторында жасыл трансформацияны негізге алудамыз», – дей келе «Даму мақсаттарымыз бен энергетикалық қауіпсіздігімізді жоспарлау кезінде экологиялық факторларды ең егжей-тегжейлі түрде ескереміз. “2053 жылға қарай таза нөлдік шығарындылар” мақсатымызға сәйкес Жасыл даму бағытымызды сенімді түрде жалғастырамыз», – деді.
Әсіресе ең аз дамыған елдердің және дамып келе жатқан шағын аралдық мемлекеттердің қаржыландыруға, технологияға және әлеуетті арттыру мүмкіндіктеріне қолжетімділігін жеңілдету қажеттігін айтқан Ердоған Тынық мұхиты елдерінің қажеттіліктерін күн тәртібіне шығаруды басты жауапкершілік ретінде белгілегендерін баса айтты.

Президент: «Климаттық қаржыландыру қолжетімдірек, болжамды әрі қажеттіліктерге жауап бере алатындай болуы тиіс. Жаһандық көміртек бюджетін тарихи түрде сарқыған дамыған елдер шығарындыларды азайтуда және қаржыландыруда көбірек жауапкершілік алуы керек», – деді.
Сөзінде Газадағы геноцидке де тоқталған Ердоған: «Соңғы бірнеше күнде Газадан тағы да жүрек сыздатарлық хабарлар келуде. Газада ондаған мың шатыр мен баспана су астында қалды. Тасаланатын ешқандай шатыры жоқ жүздеген мың газалық бауырларымыз, әсіресе қалтырап-дептірлеген күнәсіз балалар судың ішінде осы қысқы жағдайда көбінесе ата-анасыз өмір үшін күресіп жатыр», – деген пікір білдірді.
Ердоған Газадағы оқиғаларға қатысты «Адамзат үшін ұятты мұндай көріністі көрген, білген, куә болған ешкім де жауапкершіліктен құтыла алмайды», – деп қосты.
Президент: «Газалық балалардың қасіреті арқылы күш көрсету, ашығын айтқанда — әлсіздік, дәрменсіздік, бәрінен бұрын тасжүректік. Газаға гуманитарлық көмектің өтуіне дереу рұқсат берілуі, бұл оқшаулау саясатының аяқталуы, бұл зұлымдықтың, бұл қатігездіктің енді тоқтатылуы тиіс», – деді.
Президент Ердоған өз сөзін: «Әлем өмір сүруге келмейтін орынға айналмай тұрып болашақ ұрпаққа қалдыратын ең құнды мұрамыз — таза, жасыл, әрі әділ Жер шары болады», – деп аяқтады.






















