Украина Ресейдің Волгоград қаласына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасап, өнеркәсіп нысандарының бірінде өрт шықты.
Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров жазбаша мәлімдемесінде Ресейдің әуе қорғанысы жүйелері Украинаның аймаққа жасаған ауқымды шабуылына тойтарыс беруге әрекеттенгенін хабарлады.
Бочаровтың айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарының сынықтары құлап, Волгоградтың оңтүстігіндегі өнеркәсіп аймағында орналасқан кәсіпорында өрт шыққан.
Губернатор өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, шабуыл салдарынан 4 адамның қаза тапқанын және 2 адамның жараланғанын мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде өрт Ресейдің «Лукойл» мұнай компаниясына тиесілі Волгоград мұнай өңдеу зауытында шыққаны туралы ақпарат тарады.
Ресейдегі ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі Волгоград зауыты жылына шамамен 14,8 миллион тонна мұнай өңдей алады.
Украинаның 1198 ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілді
Ресей Қорғаныс министрлігі түнде әуе қорғанысы жүйелері Украинаның 1198 ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін хабарлады.
Министрліктің мәлімдемесінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының Мәскеумен қатар елдің түрлі аймақтарында атып түсірілгені айтылды.



















