Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Республикамыздың негізін қалаушы, тұңғыш президентіміз Гази Мұстафа Кемал Ататүрікті дүниеден өткеніне 88 жыл толуына орай құрметпен еске аламыз», – деді.
Президент Ердоған Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары кеңесінде өткен еске алу рәсімінде сөз сөйледі.
Ердоған 29 қазанда Түркия Республикасының 103 жылдығы кеңінен атап өтілгенін еске салды. Ол Ататүрік армандағандай, халықаралық аренада ықпалы бар, беделді әрі жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға белсенді түрде үлес қосатын Түркияны қалыптастырып жатқандарын айтты.
Президент Ердоған: «Біз Түркияны дамыған елдер деңгейінен жоғары көтеруді көздейтін «Түркия ғасыры» мақсатына қарай нық қадам басып келеміз. Еліміздің жарты ғасырға жуық уақыт бойы дамуына кедергі болып келген терроризм мәселесін түбегейлі шешу жолында айтарлықтай жетістікке жеттік. Біз ел ішінде ғана емес, шекарамыздан тыс жерлерде де бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып жатырмыз. Айналамызда тұрақсыздық пен қақтығыстар жалғасып жатқанына қарамастан, мемлекет пен халықтың берік бірлігі арқасында болашаққа нық қадам басып келеміз», – деді.




















