Ресей мен Ауғанстан астық, ұн, дәрі-дәрмек және энергетикалық жабдықтар жеткізуді қамтитын бірқатар сауда келісіміне қол қойды.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Ауғанстан астанасы Кабулда өткен Ресей-Ауғанстан бизнес-форумынан кейін журналистерге мәлімдеме жасады.
Екі ел арасында ауқымды сауда келісімдеріне қол қойылғанын атап өткен Оверчук: «Дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, астық, ұн және энергетикалық жабдықтар жеткізуді көздейтін кең ауқымды келісімшарттар пакетіне қол қойылды», – деді. Оверчук келісімдер аясында Ауғанстанның да Ресейге жаңа піскен және кептірілген жеміс экспорттайтынын айтты.
Ауғанстанның энергетика секторын жаңғырту және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша да ынтымақтастықты талқылағандарын жеткізген Оверчук денсаулық сақтау саласында ресейлік компаниялармен жұмыс істеуге үлкен қызығушылық бар екенін атап өтті.



















