САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға 960 мың мина орнатқан деген ақпарат тарады
Екі елді бөліп тұрған қарусыздандырылған аймақта 2 миллионнан астам мина болуы мүмкін.
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға 960 мың мина орнатқан деген ақпарат тарады
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға 960 мың мина орнатқан деген ақпарат тарады

Солтүстік Корея 2024 жылдан бері Оңтүстік Кореямен шекара бойына шамамен 960 мың мина орнатқаны туралы ақпарат тарады.

«Йонхап» ақпарат агенттігінің Оңтүстік Корея парламентінің депутаттарына сілтеме жасап хабарлауынша, елдің әскери басшылығы бұл мәселе жөнінде Ұлттық ассамблеяға мәлімет берген.

Хабарда Солтүстік Кореяның 2024 жылдан бері шекарадағы қорғаныс бекіністерін күшейтіп жатқаны айтылған. Осы уақыт ішінде Пхеньян екі ел арасындағы шекара бойына шамамен 960 мың мина орнатқаны алға тартылды.

Хабарға сәйкес, Оңтүстік Корея әскері Солтүстік Корея сарбаздарының әскери шекара сызығы бойына тікенекті сымдар мен миналар орнату, сондай-ақ танкіге қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру жұмыстарын күшейткенін анықтаған.

Бұған қоса кейбір әскери сарапшылардың бағалауынша, екі елді бөліп тұрған қарусыздандырылған аймақта Оңтүстік Корея орнатқан миналарды қоса есептегенде, 2 миллионнан астам мина болуы мүмкін.

Іздеу
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды