ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы Парсы шығанағында 4 кемеге соққы жасалғанын хабарлады.
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
(МҰРАҒАТ) Иран Революция сақшылары: «Парсы шығанағында мұнай тасымалдаған 4 кеме атқыланды»

Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының Әскери-теңіз күштері Парсы шығанағының солтүстік бөлігінде мұнайды бір кемеден екіншісіне ауыстырып тиеп жатқан 4 кемеге бір мезгілде соққы берілгенін және олардың әлі де жанып жатқанын мәлімдеді.

Ислам революциясы сақшылары корпусының мәлімдемесінде рұқсат етілмеген бағыттармен жүзіп бара жатқан 4 кеменің мұнай тасымалдау барысында анықталып, оларға бір мезгілде соққы берілгені айтылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде кеше түнде Ормуз бұғазының батысында 3 кеменің теңіз миналарына соғылғаны, оның салдарынан өрт шыққан кемелердің тоқтатылғаны хабарланды.

Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ-ты кемелерді миналанған теңіз жолымен жүруге итермелеп отыр деп айыптап, мұның теңіздегі апат санының артуына себеп болып жатқанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде АҚШ осы ұстанымын жалғастырған жағдайда қарымта шаралардың ауқымы кеңейіп, аймақтағы америкалық әскери базаларды да қамтитыны ескертілді. Осылайша Вашингтон әкімшілігіне қатаң ескерту жасалды.