Түркияның ең танымал қысқы туризм орталықтарының бірі – Улудағ тауы күздің көз тартар көркем бояуларына малынды.
Бурса қаласындағы Улудағ тауының баурайында сары, қызғылт сары және қоңыр түске құбылған ағаштар мен шыңына түскен алғашқы қар табиғаттың ғажайып көрінісін қалыптастырды.
Қала орталығынан Улудағқа қарай ирелеңдеген тау жолдарымен жоғары өрлеген саяхатшылар күзден қысқа қарай сапар шеккендей әсерге бөленеді.
Тау етегін көмкерген күздің сары, қызыл және қоңыр бояулары биіктеген сайын біртіндеп ақ қарға ұласып, табиғаттың күзден қысқа ауысқан ғажайып көрінісін паш етеді.



























