Йемендегі хоуситтер Аден қаласындағы Бедир әскери лагерінде орналасқан Сауд Арабиясының әскери операцияларды басқару орталығына баллистикалық зымыранмен соққы жасағанын мәлімдеді.
Хоуситтердің әскери өкілі Яхья Сери бұл туралы «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, баллистикалық зымыран көзделген нысанаға дәл тиген.
Ал жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Аденге жасалған зымыран шабуылынан кейін халықаралық әуежай маңында жарылыс дауысы естілген.

























