Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасы Даммам қаласындағы Король Фахд халықаралық әуежайына жасалған шабуыл салдарынан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланғанын хабарлады.
Басқарманың мәлімдемесіне сәйкес, әуежайға 21 қазан күні кешке шабуыл жасалған. Салдарынан елде тұрып жатқан шетелдік азаматтардың бірі қаза тапқан.
Жараланған 8 адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін дереу ауруханаға жеткізілді.
Мәлімдемеде шабуыл салдарынан материалдық шығын келгені, қазіргі уақытта залалды бағалау жұмыстары жалғасып жатқаны және оқиғаға қатысты қосымша ақпарат кейінірек жарияланатыны айтылды.
Шабуылдың қалай жүзеге асырылғаны және оны кім ұйымдастырғаны туралы мәлімет берілмеді.
Йеменнің заңды үкіметін қолдайтын Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы елдің шығыс өңірінде 4 ұшқышсыз ұшу аппаратының тойтарылып, жойылғанын мәлімдеді.
Йеменде 2014 жылдың қыркүйегінде хоуситтер ел астанасы Сана қаласы мен бірқатар провинцияны өз бақылауына алғаннан кейін азаматтық соғыс басталған болатын.
Сауд Арабиясы жетекшілік ететін Араб коалициясы 2015 жылдың наурызынан бері халықаралық қауымдастық мойындаған Йемен үкіметіне қолдау көрсетіп келеді.




















