ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Стамбул әуежайы 7–13 қыркүйек аралығында тәулігіне орта есеппен 829 ұшу көрсеткішімен әлем бойынша 5-орынға ие болды. Сонымен қатар тәулігіне орта есеппен 1643 рейс орындалып, Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай атанды.
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу «EUROCONTROL» ұйымының 17 қыркүйекте жарияланған Еуропадағы әуе қатынасына шолу есебіне қатысты пікір білдірді.

Уралоглу есепке сәйкес Стамбул әуежайының Еуропада көшбасшы екенін атап өтті.

«Стамбул әуежайында 7–13 қыркүйек аралығында тәулігіне орта есеппен 1643 рейс орындалып, ол Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды. Екінші орында 1413 рейспен Амстердам және 1407 рейспен Париждегі Шарль де Голль әуежайы бар», – деді ол.

Министр Стамбул әуежайындағы әуе қозғалысының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайыз артқанын атап өтті. Сондай-ақ Анталья әуежайы тәулігіне орта есеппен 969 рейспен Еуропадағы рейс көп орындалатын 10 әуежайдың қатарына енгенін мәлімдеді.

Әлемдегі ең көп рейс орындалатын 5 әуежайдың қатарында

Уралоглу Стамбул әуежайының әлемдік деңгейде де маңызды орынға ие болғанына назар аударып, сөзін былай жалғастырды:

«Стамбул әуежайы 7–13 қыркүйек аралығында тәулігіне орта есеппен 829 ұшу көрсеткішімен әлем бойынша 5-орынға ие болды. Осылайша әуежайымыз әлемдегі ең қарқынды 5 әуежайдың қатарына енді».

Уралоглу елдер бойынша әуе қозғалысы көрсеткіштеріне де тоқталып, Түркияның тәулігіне орта есеппен 4 мың 191 рейспен Еуропадағы әуе қозғалысы ең қарқынды елдер арасында 6-орында тұрғанын айтты.

Сондай-ақ елдегі тәуліктік орташа әуе қозғалысының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайыз артқанын мәлімдеді.

 

Іздеу
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Түркия мен Италия ынтымақтастықты нығайтады
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады