ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Ұлттық білім министрі Юсуф Текин алдағы Оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы (PISA) зерттеулеріндегі негізгі мақсат ЭЫДҰ елдері арасында алғашқы бестікке ену және осы нәтижені тұрақтандыру екенін мәлімдеді.
Түркия «PISA»-да алғашқы бестікке енуді көздейді
Ұлттық білім министрі Юсуф Текин

Министр Юсуф Текин Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жариялаған «PISA 2025» нәтижелерінен кейін Словакия астанасы Братиславада журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«PISA 2025» нәтижесінде Түркияның мұндай тарихи жетістікке қалай қол жеткізгені туралы сұраққа жауап берген Текин 2013 жылы дайындық курстарын жабу мәселесі көтеріле бастаған кезде Түркиядағы білім беру жүйесінің табысты болуының бірден-бір жолы – білім саласына жасалған сыртқы ықпал мен қысымның шеңберін бұзу екенін айтқанын еске салды.

Министр Текин ЭЫДҰ-ның Білім және дағдылар жөніндегі директоры Андреас Шлейхермен өткен онлайн кездесуде Шлейхердің одан Түркияның 2015 жылдан кейінгі айрықша серпілісін басқа елдерге түсіндіріп беруді сұрағанын айтты.

Ұлттық білім министрлігінің ықпалы күшейгеннен кейін жағдайдың біртіндеп реттеле бастағанын айтқан Текин: «Бұл тарихи жетістіктің негізгі мәні осында деп ойлаймын. Әйтпесе қанша сынып ашсаң да, қанша мұғалім тағайындасаң да, оның ешбір нәтижесі болмайды. Өйткені сенің атқарған жұмысыңа кедергі келтіріп, оның нәтижесін көлеңкеде қалдыратын басқа құрылым бар. Сондықтан біз биылғы нұсқаулыққа да оқулықтарымыз міндетті түрде оқытылатынын және қосымша оқу құралдарын күштеп пайдалануға жол берілмейтінін жаздық», – деді.

Текин «PISA 2025» өңірлік жиынында баяндамашылардың бірі «оқушыларға меңгере алатын көлемнен артық материал жүктесеңіздер, бұл білімдегі олқылықтарға әкеледі» дегенін еске салып, Түркия ғасыры білім беру моделін таныстырған кезде де осы мәселені ерекше атап өткендерін жеткізді.

Текиннің айтуынша, халықаралық деңгейде Түркияның білім беру жүйесіне қатысты негізгі сын – оқу бағдарламаларының шамадан тыс тығыздығы және бағдарламаның әлі де білімді дағдыға айналдыруға емес, тек ақпарат беруге бағытталуы.

«Түркия ғасыры білім беру моделін әзірлеу кезінде халықаралық есептер мен сын-пікірлерді ескеріп, тек білім беруге емес, оны дағдыға айналдыруға бағытталған бағдарламаны таңдадық. Яғни оқушы алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатындай оқу бағдарламасын қалыптастырдық. Сондықтан келесі «PISA» зерттеуіне Түркия ғасыры білім беру моделі бойынша білім алған оқушылар қатысқанда, олардың әлдеқайда жоғары нәтиже көрсететініне сенемін», – деді министр.

Іздеу
Түркия Сирияға көңіл айтты
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады
Президент Ердоған Еуропа чемпионы атанған түрік волейболшыларды құттықтады
Стамбул әуежайы Еуропада көш бастап тұр
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде