Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және қаржы кесесінің ұйымдастыруымен, Өнеркәсіп және технология министрлігінің стратегиялық серіктестігі аясында өтетін «GITEX» іс-шарасы Стамбулда алғаш рет ұйымдастырылуда. Іс-шараға 70 елден кәсіпкерлер, инвесторлар мен технология саласының көшбасшылары жиналды.
Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Президент Әкімшілігінің Инвестициялар және қаржы кеңесі Коммуникациялар департаментінің басшысы Гөкхан Юджел Түркияның жасанды интеллект саласындағы өзгерістер мен даму үдерісінде маңызды орынға ие екенін атап өтті.
Юджел Түркияның тек көпір ғана емес, әлемді өзара байланыстыратын стратегиялық орталық екенін атап өтіп, елдің қуатты өнеркәсіптік әлеуеті, білікті жас мамандары және мыңнан астам жасанды интеллект компаниясы арқылы технологиялық мақсаттарын жаһандық экономикалық құндылыққа айналдыруға ұмтылып отырғанын айтты.
Ал «GITEX» төрағасының орынбасары Билал Алрайс бұл көрменің Түркияның цифрлық инновациялық инфрақұрылымын халықаралық инвесторлармен байланыстырып отырғанын атап өтті.
Екі күнге жалғасатын іс-шараға 300-ден астам компания мен стартап, 150 халықаралық спикер және активтерінің жалпы көлемі 100 миллиард доллардан асатын 100-ден астам инвестор қатысуда.
Бағдарлама аясында сондай-ақ «Turcorn 100» бағдарламасына кіретін отандық компаниялар, жетекші технопарктер мен халықаралық технология алпауыттары да таныстырылуда.















