Түркия Сыртқы істер министрлігі хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған соңғы шабуылдарына байланысты жазбаша мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеде: «Хоуситтердің Сауд Арабиясын нысанаға алып, бейбіт тұрғындардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіретін және өңірдегі шиеленісті ушықтыратын шабуылдарын қатаң айыптаймыз. Сауд Арабиясының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз», — делінген.
Сондай-ақ мәлімдемеде бұл шабуылдардың Йемендегі қақтығысты тұрақты саяси шешім арқылы аяқтауға бағытталған дипломатиялық күш-жігерге де кері әсер етіп отырғаны айтылып, хоуситтерге шабуылдарын тез арада тоқтатуға үндеу жасалды.



















