ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдамақ.
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 15–16 қыркүйекте Әзербайжанға сапарлайды.

Түркия Сыртқы істер министрлігі дереккөздерінің мәліметінше, Фидан Әзербайжанға сапары аясында елдің Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен жеке және делегациялар деңгейінде келіссөздер өткізеді. Сондай-ақ Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Гасановпен кездеседі. Хакан Фиданды Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қабылдамақ.  

Кездесулер барысында Фидан стратегиялық деңгейде дамып келе жатқан Түркия-Әзербайжан байланыстарында қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанушылық білдіріп, екі ел президенттері белгілеген 15 миллиард долларлық сауда айналымы мақсатына жету үшін атқарылып жатқан жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтпек. Сонымен қатар энергетика және көлік салаларындағы жобалар талқыланады.

Фиданның екі одақтас ел арасындағы қорғаныс өнеркәсібі, қауіпсіздік және әскери салалардағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыруы, сондай-ақ Түркі Мемлекеттері Ұйымын қоса алғанда көпжақты платформалар аясындағы бірлескен жұмысты талқылауы жоспарланған.

Кездесулерде Түркияда өтетін Түркі Мемлекеттері Ұйымының 13-саммиті мен «COP31» конференциясына қатысты пікір алмасу жоспарланып отыр.

Фидан Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік орнату үшін тарихи мүмкіндік туғанын атап өтіп, Түркияның екі тарап арасында тату көршілік қатынастардың қалыптасуын қолдайтынын және соңғы оң өзгерістерді құптайтынын жеткізбек.

Сондай-ақ Фидан Түркияның Қарабақтағы инфрақұрылымды жақсарту, энергетикалық және сауда бағыттарын іске қосу, сондай-ақ өңірлік байланыстарды күшейту жөніндегі жұмыстарды қолдайтынын мәлімдейді. Кездесулерде қазіргі өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасу жоспарланып отыр.