Маргарет Коннолли Израиль шабуыл жасап тоқтатқан гуманитарлық көмек флотилиясында болған кемінде алты Ирландия азаматының бірі еді.
Жаһандық “Sumud” флотилиясының мәліметінше, 60 кемеден тұратын керуендегі 10 қайыққа дүйсенбі күні халықаралық су айдынында Израиль күштері рейд жасаған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, операция Кипр жағалауынан шамамен 130 шақырым қашықтықта жүргізілген.
Флотилия Конноллидің алдын ала жазылған бейнеүндеуін жариялады. Бейнежазбада ол:
«Егер сіз бұл видеоны көріп отырсаңыз, бұл менің кемемнен күштеп әкетілгенімді білдіреді... Мені Израильдің оккупациялық күштері алып кетті және қазір заңсыз түрде Израиль түрмесінде қамауда отырмын», – деді.
Ирландияның Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және консулдық қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Президент үн қатты
«Бұл халықаралық су айдынында болған сияқты және бұл шынымен алаңдатарлық жағдай», – деген президент жарияланған мәліметтерден басқа қосымша ақпарат жоқ екенін жеткізді.
Израиль әскері флотилияны тоқтатып, Палестина аумағына енгізілген блокаданы бұзу әрекетіне қатысқан шамамен 100 белсендіні ұстады.
50-ден астам кемеден тұрған флотилия бейсенбі күні Түркияның Мармарис ауданынан жолға шықты.
Ұйымдастырушылар миссияға Түркия, Ұлыбритания және АҚШ-ты қоса алғанда 40 елден 426 адамның қатысқанын растады.
Бұл оқиға 29 сәуірде Крит аралы маңында болған ұқсас шабуылдан кейін болды.














