ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Мәскеу мен Бейжің өз экономикаларын жаһандық нарықтағы ауытқулардан қорғау және АҚШ долларына тәуелділікті азайту мақсатында ұлттық валюталармен жасалатын сауда төлемдерін кеңейту жұмыстарын үдетіп жатыр.
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды / Reuters

Ресей президенті Владимир Путин мен Қытайдың мемлекет басшысы Си Цзиньпин арасында сәрсенбі күні Бейжіңде өткен келіссөздерден кейін Ресей мен Қытай экономика, энергетика, көлік және халықаралық ынтымақтастық салаларын қамтитын 20 құжатқа қол қойды.

Екі ел басшысы әріптестікті одан әрі нығайту мен Ресей және Қытай арасындағы қарым-қатынастарды тереңдету туралы бірлескен мәлімдемемен қатар көпполярлы әлемнің қалыптасуы және халықаралық қатынастардың жаңа типіне қатысты ортақ декларация қабылдады.

Симен кездесуден кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөйлеген Путин Мәскеу мен Бейжің сыртқы қысымдардан және жаһандық нарықтағы құбылмалылықтан қорғалған тұрақты екіжақты сауда жүйесін құрғанын айтты.

Сауда-саттықты рубль мен юань арқылы жүргізу экономикалық ықпалдастықты «сыртқы әсерлерден» қорғауға септігін тигізетінін және екі ел арасындағы сауда байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ететінін түсіндірген Путин: «Ресей мен Қытайдың арасындағы төлемдерді ұлттық валютаға көшіру бойынша басқан үйлесімді қадамдарының маңызы зор. Нәтижесінде Ресей-Қытай экспорт-импорт операцияларының барлығы дерлік рубль және юаньмен жүзеге асырылып жатыр», — деді.

Путин сонымен қатар Ресейдің Қытайға мұнай мен газды үздіксіз жеткізуді жалғастыруға дайын екенін және Ресейдің «Росатом» ядролық корпорациясы екі ел арасындағы кең ауқымды энергетикалық ынтымақтастықтың бір бөлігі ретінде Қытайдағы атом электр станцияларында жаңа энергия блоктарының құрылысын аяқтап жатқанын атап өтті.

Ресей басшысы Ресей-Қытай әріптестігін халықаралық қатынастардағы тұрақтандырушы фактор ретінде де сипаттады.

Бұған қоса Путин екі ел арасындағы туризмді жандандырып, халықтар арасындағы байланысты арттырған өзара визасыз режим қолданысының оң нәтижелеріне назар аударды.

Путин: «2025 жылы 2 миллионнан астам Ресей азаматы Қытай Халық Республикасына саяхаттады. Ал Қытайдың бір миллионнан астам азаматы Ресейге келді», — деді.

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады