ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Гуманитарлық көмек көрпе, төсек-орын және жылытуға арналған құралдардан тұрады.
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді / Anadolu Agency (Wire)

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға Түркиядан жіберілген шамамен 9,5 тонна қысқы гуманитарлық көмекті тарата бастады.

Көрпе, төсек-орын және жылыту құралдарынан тұратын көмектің бір бөлігі елдің әр аймағындағы мұқтаж жандарға жеткізіледі.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша делегация басшысы, сондай-ақ Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының халықаралық істер және көші-қон қызметтері жөніндегі бас директоры Алпер Күчүк Түркияның Босния және Герцеговинадағы мигранттарға бұған дейін де көмек көрсеткенін атап өтті.

«2019 жылдан бері бұл лагерьлерде қажеттілік туындаған сайын Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы қолдау көрсетіп келеді», – деді ол.

«Шамамен 9,5 тонна қысқы гуманитарлық көмек жеткізілді»

Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының Босния және Герцеговинадағы делегация басшысы Убейд Сакин түрік халқы мен қайырымдылық жасаушылардың әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын айтты.

«Түркиядан шамамен 9,5 тонна қысқы гуманитарлық көмек жеткізілді. Оны Босния және Герцеговинаның барлық аймағына таратамыз. Бүгін көмектің бір бөлігін Сараево қаласының Блажуй ауданындағы мұқтаж жандарға жеткізіп жатырмыз», – деді Сакин.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді