Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Самара облысындағы Сызран мұнай өңдеу зауытына алыс қашықтыққа арналған қару арқылы соққы жасалғанын хабарлады.
Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында алыс қашықтыққа арналған қару арқылы Ресейдегі нысандарға қарсы шабуылды жалғастырып жатқанын айтты.
Ол Украина шекарасынан 800 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Сызран мұнай өңдеу зауыты нысанаға алынғанын жеткізіп, шабуылды жүзеге асырған Украина армиясының бөлімшелеріне алғыс білдірді.
Сондай-ақ Зеленский Самара облысындағы мұнай өңдеу зауытына қатысты бейнематериал жариялады.

















