ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдады
Израиль Сирияның оңтүстігіне бағытталған әскери әрекеттерін күшейтіп, Ярмук аңғарындағы орманды және егіс алқаптарын шабуылдады. Алдын ала мәліметтер бойынша адам шығыны тіркелмеген.
Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдады
Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуылдады / Reuters

Сирияның «SANA» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль жұма күні таңертең Сирияның Дараа аймағындағы нысандарды атқылаған.

Шабуыл Ярмук аңғарының батыс бөлігінде орналасқан Мария мен Абдин ауылдарының арасындағы егіс және орман алқаптарына бағытталған.

Шабуыл салдарынан қаза тапқандар немесе елеулі материалдық шығын туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы айларда Сирияның оңтүстігінде Израильдің әскери белсенділігі айтарлықтай артты. Өңірде рейдтер, тұрғын үйлерді тінту, бақылау-өткізу бекеттерін орнату, сондай-ақ балалар мен малшыларды қоса алғанда бейбіт тұрғындарды ұстап әкету оқиғалары жиілеген.

2024 жылдың желтоқсанында Башар Асад режимі күйрегеннен кейін Израиль 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің жойылғанын айтып, шекара бойындағы буферлік аймақты бақылауға алды.

Сирияның жаңа билігі Израильге қауіп төндірмесе де Израиль күштері Сирия аумағына бірнеше рет әуе соққысын жасап, салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты. Сондай-ақ әскери нысандар, техника мен оқ-дәрі қоймалары нысанаға алынды.

Іздеу
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Зеленский Ресейдегі Сызран мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғанын мәлімдеді
Ресей мен Қытай 20 құжатқа қол қойды
Сирияның Дамаск қаласында көлік жарылды
Ирландия президентінің қарындасы Жаһандық “Sumud” флотилиясында ұсталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Киевте жағдай ұшықты
Заңсыз израильдік қоныстанушылар Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Израиль Сирияның Кунейтра аймағына рейд жасады
Киев Ресейдің ауқымды шабуылына ұшырап жатыр
АҚШ пен Қытай Сеулде сауда мәселелерін талқылады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Сирек вирус америкалық азаматқа да жұққан
Израиль күштеп ұстаған екі белсенді босатылды