ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Иран ұлттық футбол құрамасы 19 мамырдан бері Анталияда оқу-жаттығу  өткізіп жатыр.
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді
Иран футбол құрамасы АҚШ визасына өтініш берді / AFP

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы «FIFA» әлем чемпионаты қарсаңында Түркиядағы АҚШ елшілігінде визаға өтініш берген.

2026 жылғы «FIFA» әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасының ойыншылары мен жаттықтырушылар тобы виза рәсімдерін аяқтау үшін бейсенбі күні Түркиядағы АҚШ елшілігіне келді.

Ойыншылар журналистердің виза өтініштерінің мақұлданып, мақұлданбағаны туралы сауалына жымиып қана жауап берді. Құрама 19 мамырдан бері Анталияда жаттығу өткізуде.

Бұған дейін Иран футбол федерациясы президентінің бірінші орынбасары Мехди Мұхаммед Нәби құраманың барлық мүшесі үшін АҚШ пен Канада визаларын рәсімдеуді аяқтау мақсатында Анкараға келетінін мәлімдеген болатын. Ол сондай-ақ шетелдік клубтарда ойнайтын бірнеше ойыншының да осы рәсімдер мен басқа да қажетті құжаттарды реттеу үшін делегацияға қосылатынын айтты.

Іздеу