ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Халықаралық қылмыстық сот тағы бес израильдік шенеунікті қамауға алу туралы ордер шығарды.
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды / AP

Израильдің «Haaretz» газетінің жексенбі күнгі хабарына қарағанда, Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына қамауға алу ордерін шығарды. Олардың арасында үш саясаткер мен екі әскери қызметкер бар.

Гаага қаласында орналасқан сот 2024 жылдың қарашасында Беньямин Нетаньяху мен Израильдің бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантқа Газа секторындағы соғыс қылмыстары және адамзатқа қарсы қылмыстары үшін қамауға алу ордерін шығарған болатын.

Халықаралық қылмыстық сот бұл хабарға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Егер бұл ақпарат расталса, сот қамауға алуды талап еткен израильдік шенеуніктердің жалпы саны жетіге жетеді.

Израиль әскері 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторында жүргізіп жатқан екі жылға созылған соғыста 72 мыңнан астам адамды өлтіріп, 172 мыңнан астам адамды жаралады. Олардың басым бөлігі  ̶  әйелдер мен балалар.

2025 жылдың 10 қазанында күшіне енген атысты тоқтату келісіміне қарамастан Израиль шабуылдарын жалғастыруда. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы шабуыл салдарынан 870-тен астам адам қаза тауып, 2 мың 540-тан астам адам жараланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда