Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде белсенділерге қатысты тергеудің аяқталғаны хабарланды.
Мәлімдемеде Кишк пен Авиланың бүгін Израильден депортацияланғаны айтылып, Израильдің Газаға бағытталған заңсыз қоршауын жалғастыратыны және қоршаудың бұзылуын қабылдамайтыны атап өтілді.
Жаһандық “Sumud” флотилиясында ұсталған белсенділер
Израильдің Газа секторына қойған қоршауын бұзып, өмірлік маңызы бар гуманитарлық көмекті жеткізуді мақсат еткен Жаһандық “Sumud” флотилиясының 2026 жылғы көктемгі миссиясы 29 сәуірге қараған түні Крит аралы маңында Израиль армиясы тарапынан тоқтатылған еді.
Халықаралық су айдынында заңсыз әрекет жасап, белсенділер мінген қайықтарға шабуылдаған Израиль армиясы Газадан 600 теңіз милі қашықта және Грекия аумақтық су айдынынан бірнеше миль жерде 177 белсендіні ұстаған еді.
Израильдің күштеп елге алып кеткен белсенділері Әбу Кишк пен Авиланың ауыр физикалық азаптауға ұшырағаны және тергеу кезінде өліммен қорқытылғаны хабарланған болатын.















