ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
Түркияның төрағалығымен өтетін 2026 жылғы COP31 конференциясы 9-20 қараша аралығында Анталиядағы “Expo” орталығында ұйымдастырылады.
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
Министр Курум COP31 тұсаукесерін Нью-Йоркте өткізді.

Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы апталығы аясында Нью-Йоркте болып, қарашада Анталияда өтетін COP31 конференциясының таныстырылымын өткізді.

Курум климат дағдарысының шұғылдығына қатысты бүгінде ортақ түсінік қалыптасқанын, ортақ мақсаттар белгіленгенін және әлемнің көптеген жерінде іске асыруға болатын шешімдер бар екенін айтты. Алайда бұл шешімдерді қалай жүзеге асыру керектігі негізгі мәселе болып отырғанын атап өтті.

Қаржыландыруға қол жеткізу, әлеуеттің жеткіліксіздігі, технологиялар мен инвестицияларды қажеттіліктермен ұштастыру секілді мәселелерге назар аударған Курум қараша айында Анталияда өтетін COP31 конференциясында осы мәселелер қарастырылатынын айтты.

Курум: «Бұл үдерістегі ұстанымымыз үш негізгі қағидатқа сүйенеді: диалог, келісім және іс-қимыл. Диалог арқылы түрлі қажеттілік пен басымдықты тыңдаймыз. Келісім арқылы бірлесіп әрекет ететін бағыттарды айқындаймыз. Ал іс-қимыл арқылы осы серіктестікті нақты нәтижелерге айналдырғымыз келеді», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия «COP31» конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойды

Мақсаттардан нақты іске көшу үшін «іске асыру архитектурасын» қалыптастырып жатқандарын айтқан Курум елдермен, халықаралық ұйымдармен, қаржы мекемелерімен, жеке сектормен және азаматтық қоғаммен жан-жақты консультациялар жүргізу арқылы Іс-қимыл күн тәртібін әзірлегендерін мәлімдеді.

Курум: «2035 жылға қарай электр энергиясының түпкілікті энергия тұтынудағы үлесін 35 пайызға дейін арттыруды көздеп отырмыз. COP31 Жаһандық электрлендіру бастамасы арқылы электрлендіру үдерісін жаһандық ауқымда жеделдетеміз», – деді.

Курум сондай-ақ қалдықсыз өндіріс пен тұтыну мәселесінде 2035 жылға қарай коммуналдық қалдықтар көлемінің болжамды өсімін кемінде екі есе қысқарту мақсат етілгенін жеткізді.

Курум климаттың өзгеруіне төзімді қалалардан бастап, мұхиттар мен теңіздердегі іс-шараларға, азық-түлік қауіпсіздігінен икемді әрі орнықты денсаулық сақтау жүйелеріне дейінгі бағыттарды мысалға келтіріп, COP31 мақсаттарын түсіндірді.

Министр Курум қараша айында барша қатысушыны Анталияда қарсы алуға қуанышты болатындарын айтып: «Алайда біз Анталияны соңғы аялдама деп қарастырмаймыз. Анталия нақты іс-қимылдың көзге көрінетін әрі өлшенетін деңгейде жеделдейтін бетбұрыс кезеңіне айналғанын қалаймыз», – деді.

Түркияның төрағалығымен өтетін 2026 жылғы COP31 конференциясы 9-20 қараша аралығында Анталиядағы Expo” орталығында ұйымдастырылады.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен әлемге үн қатады
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады