ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түрік әуе жолдары жолаушылары Бейжің арқылы Қытайдағы 6 жаңа бағытқа, ал «Air China» жолаушылары Стамбул арқылы Түркия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар бағытқа қатынай алады.
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
"THY" және "Air China"

Түрік әуе жолдары («THY») «Air China» компаниясымен қолданыстағы кодшеринг келісімінің ауқымын  кеңейткенін хабарлады.

Келісім Бейжіңде өткен Қытай әуе тасымалы қауымдастығының («CATA») 4-авиациялық конференциясы мен көрмесінің ашылу рәсімінде жасалды.

2024 жылдың маусымында Стамбул–Бейжің рейстерін қамтитын еркін сату үлгісіндегі кодшеринг ынтымақтастығы Түркия мен Қытай арасындағы рейстерді арттырды.

Ынтымақтастыққа Бейжің арқылы орындалатын Қытай ішіндегі кейбір рейстер мен Стамбул арқылы жүзеге асырылатын бірқатар халықаралық рейс те енгізілді.

Осыған сәйкес, «THY» жолаушылары Бейжің арқылы Шэньчжэнь, Чунцин, Сямэнь, Ханчжоу, Нанкин және Циндао қалаларына транзиттік рейстермен ұша алады.

Ал «Air China» жолаушылары Стамбул арқылы Анкараға, сондай-ақ Африкадағы Аккра, Лагос, Марракеш, Дар-эс-Салам, Алжир және Туниске, Латын Америкасындағы Канкун мен Мехико-Сити сияқты Түрік әуе жолдары желісіндегі түрлі бағыттарға жете алады.

Кеңейтілген кодшеринг ынтымақтастығының арқасында екі әуе компаниясының рейстеріне бір билет алуға болады.

«Star» альянсының мүшелері Түрік әуе жолдары  мен «Air China» өздерінің негізгі әуе тораптары арасындағы байланыс пен транзит мүмкіндіктерін арттыруды көздейді.

Екі компания алдағы уақытта Түркия мен Қытай арасында ашылуы жоспарланған жаңа тікелей әуе бағыттарын да кодшеринг ынтымақтастығына қосуды жоспарлап отыр.

Іздеу
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Кавказ Ислам армиясының Бакуді азат етуінің 108 жылдығы
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды