Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Әуе күштері қолбасшылығына қарасты түрлі әскери базалардың қатысуымен Кипр аралының оңтүстігі мен Жерорта теңізі аумағында оқу-жаттығу өткізілгенін хабарлады.
Министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде: «Болат қанаттар Жерорта теңізі аспанында... Еліміздің Жерорта теңізіндегі құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әскери операция жүргізу мүмкіндіктерімізді жетілдіруге және бөлімшелеріміздің дайындық деңгейін барынша арттыруға бағытталған жұмыстарымыз табандылықпен жалғасып жатыр. Осы аяда Әуе күштері қолбасшылығына қарасты түрлі базалардан әуеге көтерілген жауынгерлік және қолдау ұшақтарының қатысуымен Кипр аралының оңтүстігі мен Жерорта теңізінің халықаралық әуе кеңістігінде ауқымды оқу-жаттығуы сәтті өткізілді», – делінген.




















