Израиль армиясының әскери ұшақтары Сирияның солтүстігіндегі Идлиб уәлаятының шығысында орналасқан, қазір пайдаланылмайтын Әбу Зухур әскери әуежайына 4 рет әуе соққысын жасады.
Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, шабуылдар жергілікті уақытпен шамамен сағат 03:00-де жасалған. Израиль әскери ұшақтары Әбу Зухур әуежайын төрт рет нысанаға алған.
Адам шығыны мен жараланғандар туралы әзірге ақпарат жоқ. Сирия билігі де оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.
Асад режимі күйрегенге дейін Израиль Сирия аумағындағы Иран күштері мен Хезболла ұйымының нысандарына соққы жасап келген.
Режим күйрегеннен кейін Израиль Сирияның әртүрлі аймақтарындағы қару-жарақ пен зымыран қоймаларына, сондай-ақ стратегиялық әскери нысандарға шабуылдарын кеңейтті.



























