ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
БАӘ Иранды шабуыл әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады

Біріккен Араб Әмірліктері ұлттық мұнай компаниясы «ADNOC»-қа тиесілі екі танкердің Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқанда нысанаға алынғанын хабарлады.

БАӘ-нің «WAM» ресми ақпарат агенттігінің мәліметінше, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, шабуылды айыптады. Мәлімдемеде бұл әрекет теңіз қатынасының еркіндігін қолдайтын, сауда кемелерін нысанаға алуға және халықаралық теңіз жолдарының жұмысына кедергі келтіруге жол бермейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2817 қарарын ашық бұзу екені айтылды.

Сондай-ақ коммерциялық теңіз тасымалына шабуыл жасау және Ормуз бұғазын қысым көрсету немесе бопсалау құралы ретінде пайдалану өңірлік тұрақтылыққа, халықтардың қауіпсіздігіне және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіні атап өтілді.

БАӘ Иранды мұндай шабуыл әрекеттерін тоқтатуға шақырып, Ормуз бұғазының толық ашылуы қажет екенін мәлімдеді.

Іздеу
Қырғызстанда өтетін 6-шы Дүниежүзілік көшпенді ойындарының мәдени бағдарламасы таныстырылды
Түрік әуе жолдары өз тарихындағы ең ұзақ тікелей рейсті орындады
Түркиялық дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Вьетнам 2030 жылға дейін 10 мың жасанды интеллект маманын дайындауды мақсат етеді
Жастар арасындағы жұмыссыздық әлем көлемінде соңғы бір жылда артты
17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболда Түркия құрамасы көш бастап тұр
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
ЕО-да уақытша қорғаудағы украиналықтар саны 4,41 миллионға жетті
Түркия Колумбияның басып алынған Голан жоталарына қатысты ұстанымын айыптады
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Махмуд Аббас Түркияға келеді
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
Зорлу: «Мекке ортақ қорғаныс келісімі арқылы Оңтүстік дәліздің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді»